АО "Самрук-Қазына"

Directions Website Contact the business

АО "Самрук-Қазына" АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" https://t.me/samrukazynaofficial

В группу АО «Самрук-Қазына» входит 295 компаний.

Активы составляют 60,6 млрд. долларов США.

Свыше 44 млрд. долларов активов сосредоточено в промышленном секторе:
▪️нефть и газ - 36,1 млрд. долларов США;
▪️урановая отрасль - 4 млрд. долларов США;
▪️горнорудная отрасль - 1,7 млрд. долларов США;
▪️химия – 2,5 млрд. долларов США.

«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды Қазақстан Республикасының күніне орай «Сам...
23/10/2026

«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақстан Республикасының күніне орай «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың қызметкерлеріне кәсібилігі, адал еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табысталды.

Экономиканың түрлі салаларында еңбек ететін мамандар III дәрежелі «Құрмет» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрметті қызметкері» атағын, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.

«Қор мен оның портфельдік компаниялары адамдардың білімі, тәжірибесі мен күнделікті еңбегінің арқасында жетістіктерге жетті. Олардың кәсібилігінің арқасында стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

Әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

🔘

Работники группы «Самрук-Қазына» удостоены государственных наград

Ко Дню Республики Казахстан работники Фонда «Самрук-Қазына» и портфельных компаний удостоены государственных наград за профессионализм, добросовестный труд и вклад в развитие страны.

Специалисты, представляющие различные отрасли экономики, отмечены орденами «Құрмет» и «Еңбек Даңқы» III степени, медалью «Ерен еңбегі үшін». Ряду работников присвоено звание «Самұрық-Қазына» АҚ құрметті қызметкері», вручены почетные грамоты и благодарственные письма.

За достижениями Фонда и его портфельных компаний стоят люди - их знания, опыт и ежедневный труд. Именно благодаря их профессионализму обеспечивается стабильная работа стратегически важных предприятий и реализуются проекты, значимые для экономики Казахстана, отметил глава Фонда Нурлан Жакупов.

Поздравляем коллег с заслуженными наградами и благодарим за вклад в развитие страны! С Днем Республики Казахстан!

🇰🇿🇨🇳«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті...
22/10/2026

🇰🇿🇨🇳«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті

Тараптар бірлескен бастамалардың іске асырылу барысын және мұнай-газ бен энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

CNPC – Қазақстан мен «Самұрық-Қазына» тобының стратегиялық серіктесі. 2027 жылы Қазақстан мен Қытай корпорациясы арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде мұнай-газ саласында геологиялық барлау мен өндіруден бастап, мұнайды тасымалдау және өңдеуге дейін бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды.

Бірлескен негізгі жобалардың қатарында Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған), сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қазгермұнай» БК» кәсіпорындары бар. Қашағанда мұнай өндіру көлемі жоспар бойынша 11 млн тонна болса, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12,8 млн тоннаны құрады.

Дәстүрлі бағыттардан бөлек, серіктестік жаңартылатын энергетика саласында да дамып келеді.

Тараптар бірлескен жобаларды уақтылы іске асыруға және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін білдірді.

🔘

🇰🇿🇨🇳Глава Фонда Нурлан Жакупов провел встречу c президентом китайской нефтегазовой корпорации CNPC Чжоу Синьхуаем

Стороны обсудили ход реализации совместных инициатив и перспективы дальнейшего сотрудничества в нефтегазовой и энергетической отраслях.

CNPC – стратегический партнер Казахстана и Группы «Самрук-Қазына». В 2027 году исполнится 30 лет сотрудничеству Казахстана и китайской корпорации. За это время реализован ряд крупных проектов в нефтегазовой отрасли: от геологоразведки и добычи до транспортировки и переработки нефти.

В числе ключевых совместных проектов – Северо-Каспийский проект (Кашаган), а также предприятия «Мангистаумунайгаз» и «СП Казгермунай». По итогам девяти месяцев текущего года добыча нефти на Кашагане составила 12,8 млн тонн при плане 11 млн тонн.

Помимо традиционных направлений, партнерство развивается и в сфере возобновляемой энергетики.

Стороны выразили заинтересованность в своевременной реализации совместных проектов и укреплении долгосрочного партнерства.

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының Таяу Шығыс және Африка өңірі бойынша кластер және банк бизнес...
21/10/2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының Таяу Шығыс және Африка өңірі бойынша кластер және банк бизнесінің басшысы Кәрім Таннирмен кездесті

Тараптар ынтымақтастықты әрі қарай дамыту перспективаларын, халықаралық инвесторлармен жұмыс істеу және Citi банкінің қордың стратегиялық жобаларын қаржыландыруға ықтимал қатысуын талқылады.

«Қор Citi-мен көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайды. Бұл серіктестік көптеген инвестициялық жобаның табысты жүзеге асуына маңызды үлес қосты», – деді кездесуде Нұрлан Жақыпов.

Citigroup Inc. – әлемнің 180-нен астам елінде өкілдігі бар америкалық қаржы конгломераты.

🔘

Глава «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов провел встречу с руководителем кластера и банковского бизнеса Citi по региону Ближнего Востока и Африки Каримом Танниром

Стороны обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества, взаимодействие с международными инвесторами и возможное участие Citi в финансировании стратегических проектов Фонда.

«Фонд высоко ценит многолетнее партнерство с Citi, которое сыграло важную роль в успехе многих инвестиционных проектов», - отметил на встрече Нурлан Жакупов.

Citigroup Inc. - американский финансовый конгломерат, представленный в свыше 180 странах.

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Лин Сяоданмен кездестіТарапта...
20/10/2026

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорлар кеңесінің төрағасы Лин Сяоданмен кездесті

Тараптар жаңартылатын энергетика саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.

Қор мен Energy China Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын және Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу бойынша жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар, биыл қыркүйекте Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр станциясы жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

Кездесу барысында жобаларды іске асыру мерзімдерін сақтау, қаражат тарту және отандық өндірістің жабдықтарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Energy China – көмір өндіру, жылу энергетикасы, жел энергетикасы, көмірді қайта өңдеу және су шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін әлемдегі ірі компания.

🔘

Глава фонда Нурлан Жакупов встретился с председателем совета директоров Energy China Overseas Investment Лин Сяоданем

Стороны обсудили ход реализации совместных проектов в сфере возобновляемой энергетики и дальнейшие шаги по развитию сотрудничества.

Фонд и Energy China реализуют проекты солнечной электростанции мощностью 300 МВт в Туркестанской области и ветровой электростанции мощностью 500 МВт в Карагандинской области. Кроме того, в сентябре текущего года подписано Соглашение о совместной разработке проекта строительства ветроэлектростанции общей мощностью до 1 ГВт в Жетысуской области.

Отдельно рассмотрены вопросы соблюдения сроков реализации проектов, привлечения финансирования и использования оборудования отечественного производства.

Energy China - крупнейшая в мире компания в области добычи угля, тепловой энергетики, ветроэнергетики, переработки угля и водной промышленности.

«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты«Самұрық-Қазына» АҚ өтінімдер кітабын қалыптастыруды сә...
16/10/2026

«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты

«Самұрық-Қазына» АҚ өтінімдер кітабын қалыптастыруды сәтті аяқтап, жалпы сомасы 3 млрд юань болатын офшорлық юань облигацияларының (Dim Sum) дебюттік шығарылымын орналастырды. Айналым мерзімі 3 және 5 жыл болатын облигациялар Гонконг қор биржасында (HKEX) және «Астана» халықаралық биржасында (AIX) саудаға шығарылды.

Облигациялар екі траншпен орналастырылды. 2 млрд юань сомасындағы үш жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,15%-ды, ал 1 млрд юань сомасындағы бес жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,30%-ды құрады.

Инвесторлар тарапынан түскен сұраныс орналастыру көлемінен үш еседен астам асып түсті. Бұл халықаралық инвестициялық қауымдастықтың қордың кредиттік сапасына және офшорлық юань нарығында Қазақстан эмитенттеріне жоғары қызығушылық танытып отырғанын растайды.

Мәмілеге Citi, Guotai Junan International, Standard Chartered Bank, Bank of China, China CITIC Bank International және ICBC (Asia) ұйымдары қатысты.

Тартылған қаражат «Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталады.

Dim Sum облигацияларын орналастыру қордың қаржыландыру көздерін әртараптандыру және халықаралық инвесторлар базасын, соның ішінде халықаралық борыш нарығының қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі – офшорлық юань нарығындағы өтімділікке қол жеткізу арқылы кеңейту жөніндегі стратегиясын іске асырудағы кезекті қадам болды.

🔘

«Самрук-Қазына» привлек 3 млрд юаней на международном рынке капитала

АО «Самрук-Қазына» успешно завершило формирование книги заявок и разместило дебютный выпуск офшорных юаневых облигаций (Dim Sum) на общую сумму 3 млрд юаней.

Облигации со сроками обращения 3 и 5 лет допущены к торгам на Гонконгской фондовой бирже (HKEX) и Международной бирже «Астана» (AIX).

Выпуск размещен двумя траншами. Трехлетние облигации на сумму 2 млрд юаней получили купонную ставку 2,15% годовых, пятилетние облигации на сумму 1 млрд юаней – 2,30% годовых.

Спрос со стороны инвесторов превысил объем размещения более чем втрое, что подтверждает высокий интерес международного инвестиционного сообщества к кредитному качеству Фонда и казахстанским эмитентам на офшорном юаневом рынке.

Участниками сделки выступили Citi, Guotai Junan International, Standard Chartered Bank, Bank of China, China CITIC Bank International и ICBC (Asia).

Привлеченные средства будут направлены на финансирование инвестиционных проектов АО «Самрук-Қазына».

Размещение Dim Sum облигаций стало очередным шагом в реализации стратегии Фонда по диверсификации источников фондирования и расширению базы международных инвесторов, в том числе за счет доступа к ликвидности в офшорных юанях – одному из динамично развивающихся сегментов международного долгового рынка.

ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастырадыМемлекет басшысының АӨСШК саммитіне қатысу үшін ...
16/10/2026

ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастырады

Мемлекет басшысының АӨСШК саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның еншілес компаниясы «KTZ Express Shipping» ЖШС үшін екі әмбебап құрғақ жүк кемесін салу жобасы бойынша құжаттар алмасу рәсімі өтті. Кемелерді салу туралы келісімшарттарға 2026 жылы сәуірде қол қойылған.

Рәсімге «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі, AZCON Holding-тің бақылау кеңесінің төрағасы Рашад Нәбиев қатысты. Кемелер Әзербайжандағы Баку кеме жасау зауытында салынады. Жаңа құрғақ жүк кемелерін Азия мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағдарында (ТХКБ) пайдалану жоспарланып отыр.

Қазақстанның өз теңіз флотын дамытуы жүк тасымалын басқару тиімділігін арттыруға, Транскаспий бағдарының тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық жүк ағындарын тарту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр және мультимодальды көлік-логистика жүйесін дамытуға, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға және халықаралық көлік бағыттарындағы рөлін күшейтуге бағытталған.

🔘

КТЖ построит два универсальных сухогруза на Бакинском судостроительном заводе

В рамках рабочего визита Главы государства в Баку для участия в саммите СВМДА состоялась церемония обмена документами по проекту строительства двух универсальных сухогрузных судов для ТОО «KTZ Express Shipping», дочерней компании АО «НК «Қазақстан темір жолы». Контракты на строительство судов были заключены в апреле 2026 года.

В церемонии приняли участие председатель правления АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов и министр цифрового развития и транспорта Азербайджана, председатель наблюдательного совета AZCON Holding Рашад Набиев. Строительство судов будет осуществляться на Бакинском судостроительном заводе (Азербайджан). Новые сухогрузы планируется задействовать на Транскаспийском международном транспортном маршруте (ТМТМ), связывающем Азию и Европу.

Развитие собственного морского флота позволит Казахстану повысить эффективность управления грузоперевозками, увеличить провозные возможности Транскаспийского маршрута и создать дополнительные условия для привлечения международных грузопотоков.

Проект реализуется во исполнение поручений Главы государства и направлен на развитие мультимодальной транспортно-логистической системы, укрепление транзитного потенциала Казахстана и усиление его позиций на международных транспортных маршрутах.

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт То...
16/10/2026

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізінің түбімен екі елді байланыстыратын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) іске қосу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшыларына Ақтау мен Сумгайыт қалаларының арасындағы суасты желісінің құрылысы аяқталғаны және пайдалануға дайын екені туралы баяндалды.

ТОБЖ ұзындығы - 380 шақырым, ал жобалық өткізу қабілеті - секундына кемінде 400 Тбит. Суасты кабелін төсеу жұмыстары 2026 жылы 5 тамызда аяқталған. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжанда қажетті жағалау инфрақұрылымы дайындалды.

Жобаны қазақстандық «Қазақтелеком» АҚ мен әзербайжандық AzerTelecom компаниясы бірлесіп құрған CaspiLink кәсіпорны жүзеге асырды.

Жаңа байланыс желісі Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беру мүмкіндіктерін кеңейтетін халықаралық цифрлық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналады. Ол деректерді берудің халықаралық бағыттарымен бірігу және Қара және Жерорта теңіздеріндегі суасты кабельдік жүйелеріне қосылу үшін қосымша мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін жобаның цифрлық экономиканы дамытудағы стратегиялық маңызы зор. Транскаспий ТОБЖ еліміздің халықаралық цифрлық байланысын нығайтады. Соның ішінде, Екібастұзда құрылып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, халықаралық технологиялық компанияларды тартуға, бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

🔘

Казахстан и Азербайджан запустили Транскаспийскую волоконно-оптическую линию связи

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев и Президент Азербайджанской Республики Ильхам Алиев приняли участие в запуске Транскаспийской волоконно-оптической линии связи (ВОЛС), соединившей две страны по дну Каспийского моря.

Главам государств доложили о завершении строительства подводной линии между Актау и Сумгаитом и ее готовности к эксплуатации.

Протяженность ВОЛС составляет 380 км, проектная пропускная способность - не менее 400 Тбит/с. Прокладка подводного кабеля завершилась 5 августа 2026 года. Также подготовлена необходимая береговая инфраструктура в Казахстане и Азербайджане.

Проект реализован совместным предприятием CaspiLink, созданным казахстанским АО «Казахтелеком» и азербайджанской компанией AzerTelecom.

Новая линия связи станет частью международной цифровой инфраструктуры, расширяющей возможности передачи данных между Азией и Европой. Она обеспечит дополнительные возможности для интеграции с международными маршрутами передачи данных и подключения к подводным кабельным системам Черного и Средиземного морей.

Для Казахстана проект имеет стратегическое значение в развитии цифровой экономики. Транскаспийская ВОЛС усилит международную связность страны, в том числе для создаваемой в Экибастузе «Долины ЦОД», и создаст условия для привлечения международных технологических компаний, развития облачных сервисов и инфраструктуры искусственного интеллекта.

Фото: Акорда и Азертадж

«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай қорда қызметкерлерд...
13/10/2026

«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай қорда қызметкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымды мерейтоймен құттықтап, қорды дамытуға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қосқан қызметкерлердің үлесін атап өтті.

20 жыл ішінде қор мұнай-газ, энергетика, көлік-логистика, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және басқа да салаларда 250-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 255 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 239 мыңы – өндірістік сала мамандары.

Іс-шара аясында қор мен портфельдік компаниялардың 20 қызметкері кәсіби жетістіктері мен ортақ іске қосқан үлесі үшін марапатталды.

🔘

20 лет «Самрук-Қазына»: награждены лучшие работники

В честь 20-летия АО «Самрук-Қазына» в Фонде состоялось праздничное мероприятие с участием сотрудников.

Председатель Правления Нурлан Жакупов поздравил коллектив с юбилеем и отметил вклад работников в развитие Фонда и реализацию инвестиционных проектов в ключевых отраслях экономики Казахстана.

За 20 лет Фонд реализовал порядка 250 инвестиционных проектов в нефтегазовой, энергетической, транспортно-логистической, нефтехимической, горно-металлургической и других отраслях. Сегодня в Группе «Самрук-Қазына» работают более 255 тыс. человек, в том числе 239 тысяч - работники производственных профессий.

В рамках мероприятия 20 работников Фонда и портфельных компаний были отмечены наградами за профессиональные достижения и вклад в общее дело.

🇰🇿🇧🇪«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтас...
12/10/2026

🇰🇿🇧🇪«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын таныстырды

Нұрлан Жақыпов Қазақстан Президенті және Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың қатысуымен өткен кездесуде сөз сөйлеп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап өтті.

Басым бағыттардың қатарында аса маңызды шикізат материалдарын өңдеу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жаңартылатын энергетика, жасанды интеллект технологиялары, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және қаржылық қызметтер бар.

Шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшуге, бірлескен өндіріс орындарын дамытуға және озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

«Самұрық-Қазына» және оның портфельдік компаниялары бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті локализациялау және ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мақсатында бельгиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға дайын.

🔘

🇰🇿🇧🇪Глава «Самрук-Қазына» представил приоритеты инвестиционного сотрудничества Казахстана и Бельгии в ходе расширенных переговоров с бельгийской стороной

Нурлан Жакупов выступил перед Президентом Казахстана, Королем Филиппом и Королевой Матильдой, обозначив перспективные направления экономического сотрудничества между Казахстаном и Бельгией.

В числе приоритетов - переработка критически важных сырьевых материалов, развитие транспортно-логистической инфраструктуры, возобновляемая энергетика, технологии искусственного интеллекта, сельское хозяйство, фармацевтика и финансовые услуги.

Особое внимание было уделено переходу от экспорта сырья к созданию продукции с высокой добавленной стоимостью, развитию совместных производств и внедрению передовых технологий.

«Самрук-Қазына» и его портфельные компании готовы к сотрудничеству с бельгийскими партнерами для реализации совместных инвестиционных проектов, локализации производства и развития долгосрочного партнерства.

«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жобасын бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты«Қазақста...
25/09/2026

«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жобасын бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты

«Қазақстан–Қытай» инвестициялық форумы аясында Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін жел электр станцияларын (әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын екі ЖЭС) салу жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа «Самұрық-Энерго» АҚ, China Energy Overseas Investment Company Limited және Overseas Investment Sany Renewable компанияларының өкілдері қол қойды.

Жоба жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін арттыруға және өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

🔘

«Самрук-Қазына» и китайские компании договорились о совместной реализации проекта ВЭС мощностью до 1 ГВт

В рамках инвестиционного форума «Казахстан–Китай» подписано Соглашение о совместной разработке проекта строительства ветроэлектростанции общей мощностью до 1 ГВт (две ВЭС по 500 МВт каждая) в Жетысуской области.

Документ подписали представители АО «Самрук-Энерго», China Energy Overseas Investment Company Limited и Overseas Investment Sany Renewable.

Реализация проекта позволит увеличить объем производства электроэнергии из возобновляемых источников и усилить энергетическую инфраструктуру региона.

Address

Қазақстан Республикасы,, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when АО "Самрук-Қазына" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to АО "Самрук-Қазына":

Shortcuts

Share