Қарағанды облысы ПД - ДП Карагандинской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Karaganda
  • Қарағанды облысы ПД - ДП Карагандинской области
Call Directions Website Contact the business

Қарағанды облысы ПД - ДП Карагандинской области Qaragandy polisiasy

27/10/2026

🚨 Ауланы қоқысқа толтырғандар жазаланды!
📹 Қарағандыда бейнекамералар арқылы аулаға ескі жиһаздарын (шкаф) заңсыз тастап кеткен екі көрші анықталды.
👮‍️ Полиция тәртіп бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды. Сонымен қатар тұрғындар тастаған жиһаздарын өз күштерімен арнайы полигонға шығаруға мәжбүр болды.
⚠️ Ескерту: Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын контейнерлер мен аулаға тастауға тыйым салынады. Оларды шығаруды тұрғындар өз бетінше ұйымдастыруы тиіс.
#ҚарағандыПолициясы #ЗаңМенТәртіп

🚨 В Караганде соседи по очереди выбросили старую мебель прямо во дворе
📹 Камеры ЦОУ зафиксировали, как двоих жителей Караганды избавились от крупногабаритной мебели (включая старый шкаф), оставив её на придомовой территории.
👮‍️ Сотрудники полиции оперативно установили личности нарушителей и составили административные протоколы. Помимо штрафа, горожан обязали самостоятельно вывезти всю мебель на спецполигон.
⚠️ Напоминание: Крупногабаритный и строительный мусор запрещено выбрасывать в обычные контейнеры и во двор — его вывоз жильцы должны организовывать самостоятельно!
#ПолицияКараганды #ЧистыйГород

🎖 Қарағанды облысының полицейлері Республика күніне орай марапатталды🏛 Қарағанды облысының Полиция департаментінде Респу...
23/10/2026

🎖 Қарағанды облысының полицейлері Республика күніне орай марапатталды
🏛 Қарағанды облысының Полиция департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуаныш Орынбетов жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтады.
💬 «Туған жердің тыныштығын сақтау, халыққа адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік әрі абыройлы міндет. Әрбір қызметкердің еңбегі ерекше құрметке лайық», – деп атап өтті Қуаныш Орынбетов.
🏅 Жиын барысында Ішкі істер министрінің бұйрығымен мінсіз қызмет еткен полицейлерге мерзімінен бұрын арнаулы атақтар, құрмет грамоталары мен «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ жас буынды тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ардагерлерге арнайы құрмет көрсетілді.
🎶 Мерекелік шара ПД көркем өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
#ҚарағандыОблысыныңПолициясы #РеспубликаКүні

🎖 В Карагандинской области полицейских поздравили с Днём Республики
🏛 В Департаменте полиции Карагандинской области прошло торжественное мероприятие. Исполняющий обязанности начальника ДП полковник полиции Куаныш Орынбетов поздравил личный состав и ветеранов органов внутренних дел с праздником.
💬 «Сохранять спокойствие на родной земле и добросовестно служить народу — большая ответственность и почётная миссия. Труд каждого, кто выполняет служебный долг, заслуживает признания», — отметил Куаныш Орынбетов.
🏅 На мероприятии отличившимся сотрудникам вручили специальные звания, почётные грамоты и нагрудные знаки «Отличник органов внутренних дел». Особые слова благодарности прозвучали в адрес ветеранов, передающих свой опыт молодому поколению.
🎶 Завершилась праздничная встреча яркой концертной программой, подготовленной участниками художественной самодеятельности ДП.
#ПолицияКарагандинскойОбласти #ДеньРеспублики

23/10/2026

🚨 Қарағандыда маман ретінде жүріп, кабель ұрлаған күдікті ұсталды
🛠 26 жастағы жергілікті тұрғын өзін интернет провайдерінің маманы ретінде көрсетіп, тұрғындарды алдаған. Ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандай кейіп танытып, 120 метрден астам кабельді кесіп кеткен.
💻 Осының салдарынан бірнеше үй интернетсіз және байланыссыз қалды. Телекоммуникациялық компанияға келтірілген шығын 1,2 миллион теңгеден асты.
🚔 Қарағанды полициясы күдіктіні қолға түсірді. Ол ұрланған кабельді металл қабылдау пунктіне өткізіп үлгерген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
#ҚарағандыПолициясы #ҚылмысАшылды

🚨 Притворялся мастером: в Караганде задержали серийного кабельного вора
🛠 26-летний местный житель под видом технического специалиста срезал более 120 метров сетевого кабеля, оставляя дома без интернета и связи. Жильцы принимали его за сотрудника провайдера, выполняющего ремонт.
💸 Ущерб телекоммуникационной компании составил более 1,2 миллиона тенге. Похищенный провод злоумышленник успел сдать в пункт приёма металлолома.
🚔 Полицейские Караганды установили личность и задержали подозреваемого. Проверяется его причастность к аналогичным преступлениям в регионе.
#ПолицияКараганды #КражаРаскрыта #ЗаконИПорядок

22/10/2026

🚨 Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде!
🚗 6 мас жүргізуші ұсталды. Соның ішінде Қарағандыда 2023 жылы көлік басқару құқығынан айырылған Mercedes жүргізушісі қайтадан мас күйінде рөлге отырған. Тағы бір мас мотоцикл жүргізушісі Ботақара кентінде қолға түсті.
⚠️ Қарағандыда өтіп бара жатқандарға тиісіп, агрессия танытқан ер адам мен әйел ұсталды. Сараптама олардың синтетикалық есірткі қабылдағанын көрсетті.
#ҚарағандыПолициясы #ҚұқықтықТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі

🚨 В Карагандинской области проходит ОПМ «Правопорядок»!
🚗 Пойманы 6 нетрезвых водителей. В Караганде остановили Mercedes: водитель был пьян, хотя в 2023 году его уже лишали прав за аналогичное нарушение. Еще одного нетрезвого мотоциклиста задержали в поселке Ботакара.
⚠️ В Караганде пресекли хулиганство мужчины и женщины, которые бросались на прохожих. Медосвидетельствование показало, что они находились под воздействием синтетических наркотиков.
#ПолицияКараганды #ЗаконИПорядок

🚨 Қарағандыда миллиондаған теңгенің мүлкі ұрланды!👷‍️ 48 жастағы қосалқы жұмысшы компания аумағынан металл ыдыстар, құбы...
22/10/2026

🚨 Қарағандыда миллиондаған теңгенің мүлкі ұрланды!
👷‍️ 48 жастағы қосалқы жұмысшы компания аумағынан металл ыдыстар, құбырлар мен табақтарды ұрлап, сынық қабылдау пунктіне өткізген. Келтірілген шығын шамамен 4 миллион теңгені құрайды.
🚚 Күдікті жүк көлігінің жүргізушісін металл өзіне тиесілі деп сендіріп, тасымалдауға көндірген.
⚖️ Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа дайындалуда.
#ҚарағандыПолициясы #ҚылмысАшылды #ЗаңМенТәртіп

🚨 Кража на миллионы тенге в Караганде!
👷‍️ 48-летний разнорабочий во время уборки территории присмотрел металлические емкости, трубы и листы. Из-за финансовых трудностей он решил их украсть и сдать на металлолом, нанеся компании ущерб почти на 4 миллиона тенге.
🚚 Чтобы вывезти чужое имущество, злоумышленник обманул водителя грузовика, заверив его, что металл принадлежит ему.
⚖️ Расследование завершено, материалы готовятся к направлению в судебные органы.
#ПолицияКараганды #ЗаконИПорядок

🚨 Бұрынғы жұмыс берушісін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді📌 Бұқар жырау ауданында ірі көлемдегі ұрлық жасаған...
21/10/2026

🚨 Бұрынғы жұмыс берушісін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді
📌 Бұқар жырау ауданында ірі көлемдегі ұрлық жасаған 35 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс аяқталды.
💼 Жазда уақытша жүк тиеуші болып жұмыс істеген ер адам қойманың ішкі жоспары мен күзет жүйесін біліп алған.
📦 Ол қоймадан қымбат радиаторлар, теледидар, асүй жабдықтары және тіпті 10 метр матаға дейін ұрлап кеткен. Кәсіп иелеріне келтірілген шығын — 500 мың теңге.
⚖️ Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.
#ҚарағандыоблысыныңПолициясы #ҚылмысАшылды

🚨 В Карагандинской области судом ответят за кражу у бывших работодателей
📌 В Бухар-Жырауском районе завершено расследование дела в отношении 35-летнего мужчины, обвиняемого в крупной краже.
💼 Летом он работал временным грузчиком и изучил планировку склада и систему охраны объекта.
📦 Ночью подозреваемый вынес со склада дорогие радиаторы, телевизор, посуду и даже 10 метров ветоши. Ущерб бизнесменам составил около 500 тысяч тенге.
⚖️ Уголовное дело с обвинительным актом направлено в суд.
#ПолицияКарагандинскойобласти #ЗаконИПорядок

19/10/2026

🚨 Қарағанды полицейлері мен такси жүргізушісі зейнеткердің 3 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
🚕 Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері мен қырағы такси жүргізушісінің арқасында ірі интернет-алаяқтықтың жолы кесілді. Алаяқтар 68 жастағы ауыл тұрғынын арбап, депозитіндегі 3 миллион теңгесін қолма-қол шешкізіп алған.
📞 Белгісіз тұлғалар бұрынғы әріптесі және банк қауіпсіздігінің қызметкері болып танысып, әйелді қорқыту арқылы ақшаны қалааралық таксимен Алматыға жіберуді тапсырған.
👀 Алайда күдікті әрекетті байқаған такси жүргізушісі бірден полицияға хабарлаған. Жедел жеткен криминалдық полиция қызметкерлері схеманың тамырына балта шапты. Ақша иесінде қалды.
🛡 Полиция ескертеді:
* Банк немесе құқық қорғау органдары мессенджер арқылы хабарласып, ақша аударуды немесе беруді талап етпейді.
* SMS-кодтар мен шот мәліметтерін ешкімге айтпаңыз!
* Егде жастағы туыстарыңызға сақтық ережелерін жиі ескертіп отырыңыздар.
⚠️ Күдікті қоңырау түссе, бірден тұтқаны қойып, 102 нөміріне хабарласыңыз!
#ҚарағандыПолициясы #АлаяқтарданСақБолыңыз

🚨 В Караганде полицейские и таксист спасли 3 млн тенге пенсионерки от мошенников
🚕 Благодаря бдительности водителя такси и оперативным действиям сотрудников Ново-Майкудукского отдела полиции удалось предотвратить крупное интернет-мошенничество. Аферисты обманули 68-летнюю сельчанку и заставили её снять с депозита 3 миллиона тенге.
📞 Мошенники действовали по схеме: сначала звонок от «бывших коллег», затем подключился лже-сотрудник банка. Введя женщину в заблуждение, они приказали ей отправить наличные через междугороднее такси в Алматы.
👀 Заподозрив неладное, водитель такси незамедлительно связался с полицией и сообщил адрес. Прибывшие сотрудники криминальной полиции пресекли передачу денег. Средства полностью сохранены.
🛡 Полиция напоминает:
* Настоящие сотрудники банков и правоохранительных органов никогда не звонят через мессенджеры с требованиями перевести или передать деньги.
* СМС-коды и данные счетов — строго конфиденциальная информация!
* Обязательно проведите профилактические беседы со своими пожилыми родственниками.
⚠️ При подозрительных звонках сразу же прекращайте разговор и звоните на 102!
#ПолицияКараганды #ОсторожноМошенники #ЗаконИПорядок

📱 Қымбат смартфон қолды болды: Қарағандыда ұрлық ашылды⚡️ Қарағандыда 500 мың теңге тұратын телефонын ұрлатқан тұрғын по...
16/10/2026

📱 Қымбат смартфон қолды болды: Қарағандыда ұрлық ашылды
⚡️ Қарағандыда 500 мың теңге тұратын телефонын ұрлатқан тұрғын полицияға арызданды.
🔍 Белгілі болғандай, үйге қонаққа келген танысы иесінің қымбат гаджетін көріп, таңертең оны өзімен бірге алып кеткен.
🚨 Жедел-іздестіру шаралары барысында Әлихан Бөкейхан атындағы ПБ қызметкерлері көрші үйдің тұрғыны болып шыққан 43 жастағы күдіктіні ұстады.
⚖️ Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
#ҚарағандыПолициясы #Ұрлықашылды

📱 Новый гаджет «ушел» со знакомым: полиция Караганды раскрыла кражу
⚡️ 40-летний житель Караганды лишился смартфона стоимостью 500 тысяч тенге после посиделок с гостем.
🔍 Потерпевший сам показал недавно купленный дорогой телефон знакомому, а утром обнаружил пропажу и гаджета, и самого гостя.
🚨 Сотрудники ОП имени Ә. Бөкейхан установили и задержали подозреваемого — им оказался 43-летний сосед потерпевшего.
⚖️ Проводятся необходимые следственные действия.
#ПолицияКараганды #ЗаконИПорядок

🚔 «ПРИЕМНАЯ НА ДОРОГЕ» — ЗАДАЙ ВОПРОС ПОЛИЦИИ ОНЛАЙН!📢 16 и 17 октября Департамент полиции Карагандинской области провед...
15/10/2026

🚔 «ПРИЕМНАЯ НА ДОРОГЕ» — ЗАДАЙ ВОПРОС ПОЛИЦИИ ОНЛАЙН!

📢 16 и 17 октября Департамент полиции Карагандинской области проведет республиканскую акцию «Приемная на дороге» в онлайн-формате в рамках продвижения принципа «Закон и Порядок».

📱 В течение двух дней жители области смогут в прямом эфире задать интересующие вопросы представителям полиции и получить разъяснения.

📅 ГРАФИК ПРЯМЫХ ЭФИРОВ:

🔹 16 октября:
🕚 11:00
🕓 16:00

🔹 17 октября:
🕙 10:00
🕛 12:00

💬 Какие вопросы можно задать?

🚦 Безопасность дорожного движения и ПДД

⚖️ Административное законодательство

👮 Общественная безопасность и правопорядок

📋 Вопросы миграционной службы

📲 Не упустите возможность получить ответ напрямую от сотрудников полиции!

Подключайтесь к прямым эфирам, задавайте вопросы и получайте необходимые разъяснения, не выходя из дома!

🤝 Полиция открыта к диалогу!

#ЗаконИПорядок #ПриемнаяНаДороге #ПолицияКазахстана #ПолицияКараганды #КарагандинскаяОбласть #БезопасностьДорожногоДвижения

🚔 «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» — ПОЛИЦИЯҒА ОНЛАЙН СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗ!📢 16 және 17 қазанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Заң...
15/10/2026

🚔 «ЖОЛДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ» — ПОЛИЦИЯҒА ОНЛАЙН СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗ!

📢 16 және 17 қазанда Қарағанды облысының полиция департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясын онлайн форматта өткізеді.

📱 Екі күн бойы облыс тұрғындары тікелей эфир барысында полиция өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тиісті түсініктемелер ала алады.

📅 ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЛЕР КЕСТЕСІ:

🔹 16 қазан:
🕚 11:00
🕓 16:00

🔹 17 қазан:
🕙 10:00
🕛 12:00

💬 Қандай мәселелер бойынша сұрақ қоюға болады?

🚦 Жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол қозғалысы қағидалары

⚖️ Әкімшілік заңнама

👮 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

📋 Көші-қон қызметіне қатысты мәселелер

📲 Полиция қызметкерлерінен тікелей жауап алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Тікелей эфирлерге қосылып, сұрақтарыңызды қойыңыз және үйден шықпай-ақ қажетті түсініктемелер алыңыз!

🤝 Полиция халықпен ашық диалог орнатуға дайын!

#ЗаңЖәнеТәртіп #ЖолдағыҚабылдау #ҚазақстанПолициясы #ҚарағандыПолициясы #ҚарағандыОблысы #ЖолҚозғалысыҚауіпсіздігі

Address

Ерубаева, 37
Karaganda
100000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77212429212

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қарағанды облысы ПД - ДП Карагандинской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Қарағанды облысы ПД - ДП Карагандинской области:

Shortcuts

Share

Nearby recruitment companies