17/01/2018
Ағымдағы жылдың
16 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары М.Абдуллиннің қатысуымен
Ақтөбе қаласы мен аудандардың ветеринария бөлімдерінің басшылары және ветеринариялық стансалардың директорлары, ветеринариялық зертхана меңгерушілері мен Ақтөбе облысы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігі тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста ветеринариялық алдын-алу іс-шаралары, мал басын бірдейлендіру, бруцеллез ауруын алдын-алу, мал сою орындарының жұмысы, облыс көлеміндегі мал қозғалысы сұрақтары талқыланды.
Осыған байланысты, облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.