19/05/2020
⬇️⬇️⬇️
📌Бұрын тамақ пісіру әйел адамның басты міндеті болса, қазір бұл істі хоббиге айнал-дырып, кәсіп ретінде дамытып жүргендер көп.
⠀
📌Бүгінде тамақтың дәмі мен құрамы ғана емес, безендірілуі, сыртқы түрі де маңызды. Адамдардың сұлулыққа құштарлығы желіде фуд-блогерлердің көбеюіне әкелді.
⠀
📌Әлеуметтік желілер мен интернетте фуд-блогингтің аудиториясы да көп.
Ал фуд-блогер деген кім? Фуд-блогер – Инстаграмда, ютубта немесе сайтта тағам туралы жазатын, видео түсіретін қызық әрі заманауи маман.
⠀
📌Фуд-блогта автор түрлі рецепт, мерекелік шараларға арналған тәттілер, тағамдар мен оның ингредиенттерінің тарихы, белгілі бір елдің немесе халықтың асханасының сипаттамасы, мейрамхана этикеті бойынша нұсқаулық туралы сөз қозғайды.
⠀
📌Желіде кез келген адам лайфхактарын бөлісе алады. Алайда фуд-блогер болу үшін тек тамақ пісіре білу жеткіліксіз. Бұл қызмет түрі фантазияны, эстетикалық талғамды, әдемі жазуды немесе видео түсіруді қажет етеді.