03/09/2022
Тауешқі ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алады. Жаңа жоспарлар құрып жатқан кезде, үмітке толы екі жылдың шекарасында Тауешкілер дүниеге келеді.
Тауешкі - күші мол белгі. Бірақ оның күші үнемдеуде, кез келген қадамды ол уақытты, күш-қуатты және энергияны үнемдеу тұрғысынан жасайды. Және бұл түсінікті де. Қыста күн суық, өзіңе ғана сену керек, өз айналаңа жауапты болу керек, ресурстар мен қорлар шектеулі екенін есте ұстау керек. Ол жеңіске жетуге ынталы, үлкен амбициясы бар. Ұйымдастыру, тәртіп сақтау және жаңа өмір құру қажет болған кезде ескіден жаңаға көшу.
Тауешкі көпшілік алдында ұстамды және суық, бірақ іштей өте сақ, уайымшыл және сезімтал адам.
Тауешкі қандай ортада туады? Ол махаббат пен қамқорлық жетпейтін жерлерде, толық емес отбасы немесе өзіне аса көңіл бөлінбейтін көп балалы отбасында дүниеге келіп, кішілерге жауапты болады. Тауешкі ерте есейеді. Махаббат тапшылығын, қамқорлықты және үлкен жауапкершілік сезімін ол бала кезінен көтереді.
Егер сіз Тауешкінің ата-анасы болсаңыз, онда оған махаббат пен қамқорлық беріңіз, сезіміңіз туралы айтыңыз. Сезімдерін білдіре білуді үйретіңіз, оларды баспай, әлсіздік ретінде қарамай, эмоцияларды өткере білуді үйретіңіз.
Тауешкі жауапкершіліктен шаршайды, ол өзінен күткендерді ақтай алмай, орындай алмай қаламын деп қорқады. Сондықтан ол жауапкершіліктен қашып, отбасын, бала-шағасын кеш құрады. Ол жұмыстан шаршап, үйден жұмыс істеуді армандайды, бірақ бұл уақытша. Әрбір Тауешкі қоғамдағы жоғары мәртебеден гөрі еркіндікті қалайды.
Тауешкі өз шекарасының бұзылуын ұнатпайды, көпшілік мұны тәккапарлық деп санайды, алайда оның шекарасын құрметтеуді үйрену керек, оған жалғыз қалуға уақыт беру керек.
Тауешкі - өз өмірінің сәулетшісі және құрылысшысы. Бірақ Тауешкілерге ұқыпты және саналы болу, өздерінің басқаларға әсер ету қабілетімен жұмыс істей білу маңызды. Өйткені олар адамдарға олардың маңыздылығын да, олардың түкке тұрмайтынын да бірдей сезіндіре алады.
Тауешкілердің әзіл-оспақ сезімі жақсы, олар сарказмды жақсы көреді, бірақ кейде олардың қай кезде қалжыңдап, қай кезде тік сөйлейтіндерін түсіну қиын.
Егер Тауешкі жауапкершілікті өзіне алу оның шекарасын бұзбайтынын және шектемейтінін түсініп, өзінің «сәулетші» ретіндегі күшті жақтарын іске қосса, онда ол іштей еркін бола түседі.
#астрология #қазақша